Home Жаңалықтар Қызылорда облысында тікұшақ құлап, өртеніп кетті

Қызылорда облысында тікұшақ құлап, өртеніп кетті

0
308

Әуе кемесі Қазақстан Қорғаныс министрлігіне тиесілі болып шықты

Қызылорда облысында тікұшақ құлап, өртеніп кетті, деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметі.

«27 наурыз күні сағат 17:35-те «112» пультіне Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы құлағаны туралы хабарлама түсті», – деп жазылған ақпаратта.

Тікұшақ белгісіз себеппен құлап, толығымен өртеніп кеткен. Әуе кемесі ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі болып шықты. Апаттың себебі анықталып жатыр.

sputniknews.kz