Қызылорда облысында тікұшақ құлап, өртеніп кетті
Әуе кемесі Қазақстан Қорғаныс министрлігіне тиесілі болып шықты
Қызылорда облысында тікұшақ құлап, өртеніп кетті, деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметі.
«27 наурыз күні сағат 17:35-те «112» пультіне Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы құлағаны туралы хабарлама түсті», — деп жазылған ақпаратта.
Тікұшақ белгісіз себеппен құлап, толығымен өртеніп кеткен. Әуе кемесі ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі болып шықты. Апаттың себебі анықталып жатыр.
sputniknews.kz