Қызылорда облысында тікұшақ құлады: Апаттың алдын ала себебі айтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауының алдын ала себебі айтылды. Болжам бойынша, апатқа нөсер жауын себеп болуы мүмкін.

Қызылорда облысында тікұшақ құлады: Апаттың алдын ала себебі айтылды

Бұл туралы «Лада» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Басылым мәліметінше, құлаған тікұшақ 27 наурызда сағат 18:48-де радардан жоғалып кеткен. Мұнан кейін байланысқа шықпапты. 

Тағы басқа Ми-8 тікұшағының экипаж командирі құлаған тікұшаққа көмектесу үшін әуе кемесін басқа бағытқа бұрмақ болғаны туралы мәлімет бар. Десе де ауа райының қолайсыздығы себепті қолбасшының пәрмені бойынша белгіленген бағыт бойынша ұшуды жалғастырыпты.

Артынша апат орнына 2 өрт сөндіру тобы және шымкенттік ТЖК-ның іздеу-құтқару тобымен Ми-171 әскери тікұшағы жетті.

Хабарланғандай, әскери тікұшақтың бөлшектері апат орнынан шамамен жарты шақырым жерде шашылып жатқан.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке  ұшып бара жатқан. «Алтын Жебе» атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген. 

Президент Тоқаев қайғылы оқиғада қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтып, тергеу жұмыстарын бастауды бұйырды

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, апат орнына жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz