Қызылорда облысында күдікті аулада тұрған көлікті айдап кеткен – Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылорда облысы Байқоныр қаласының тұрғынының ауласында тұрған шетел автокөлігін айдап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

көлік

Жәбірленуші 26 ақпан түнгі уақытта өзінің ауласында тұрған шетел автокөлігін біреу белгісіз бағытқа айдап кеткендігі жөнінде полицияға арызданған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 41 жастағы, бұрын сотты болған, Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз