Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар жайлы деректер айтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 9 адам — Шиелі ауданынын тұрғындары, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұл туралы облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері мәлім етті. 

Ауру жұқтырғандардың барлығы Шиелі ауданында тіркелді. Науқастардың үшеуі ер адам, алтауы әйел адам. Ең жасы 2012 жылғы қыз бала, ең үлкені 1944 жылғы ер адам. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық.

Бекітілген алгоритмге сәйкес науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күнге дейін жүргізілген эпидзерттеу нәтижесі бойынша науқастармен байланыста болған 1143 азамат анықталды.

Оның ішінде тығыз қарым-қатынаста болғандар саны – 564, ықтимал қарым-қатынаста болғандар саны – 579 адам. Олардың ішінде 522 адам стационарларда медициналық бақылауда болса, 621 адам үй карантинінде.

Қазір аймақта COVID-19 коронавирус инфекциясына шалдыққан 85 адам анықталды:
Қызылорда қаласында – 9 науқас, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшы ауданында – 4,
Шиелі ауданында – 47, Сырдария ауданында — 7, Арал ауданында – 2 науқас коронавирус жұқтырған.

Бұған дейін Қызылорда облысында тағы да 9 адам вирус жұқтырғаны анықталған еді. 

 

stan.kz