Қызылорда облысында екі балықшы суға батып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылорда облысында Арал теңізінде балық ауламақшы болған екі азамат суға батты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

суға батты

Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетіне мәлім етті.

«30 наурыз сағат 13:00-де Қызылорда облыстық ТЖД кезекші пультіне 29 наурызда Кіші Арал теңізіне моторлы қайықпен балық аулауға кеткен екі балықшының жоғалып кеткені туралы хабар түсті.  Іздеу жұмыстарына шұғыл түрде ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен жергілікті тұрғындар тартылды. Екі сағаттан кейін құтқару тобы 1974 және 1998 жылғы екі балықшының денесін судан алып шықты», — делінген ресми хабарламада.

Азаматтық қорғаныс органдарының құтқару жасақтары көктем кезінде су айдындарында адамдардың қаза табуына жол бермеу мақсатында тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын, профилактикалық шаралар жүргізіп жатыр.

 

stan.kz