Қызылорда облысында екі автобус соқтығысты: Қайтыс болғандар саны артты — Тосын жай
Самара — Шымкент тасжолында екі автобустың соқтығысуынан болған жол апаты құрбандарының саны үшке жетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 16 қарашада Қармақшы ауданындағы Ақжар ауылынан 10 шақырым жерде болды. Бір автобуста 32 адам болған, екіншісінде — 37 жолаушы.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Жалағаш, Қармақшы ауылдарындағы аудандық екі орталық аурухана мен облыстық медициналық орталық дайындалды.
Түрлі жарақатпен Қаршақшы АОА-ға 43 адам, Жалағаш АОА-ға 6 адам, облыстық медициналық орталыққа 5 адам жеткізілген, қалған 30 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем алу тағайындалды.
Кейін жол апаты болған жерде түсірілген видео жарияланды.