Қызылорда облысында бизнесмен із-түссіз жоғалып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылорда облысында 72 жастағы бизнесмен жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Astana» арнасына сілтеме жасап.

бизнесмен

Он күннен бері жеке жиһаз компаниясы бар Тынымбай Баженов туралы ешқандай ақпарат жоқ. 

Ол күндегі әдеті бойынша таңғы сағат 5:00-де серуендеуге шыққан. Бұл Сырдария жағалауындағы бақылау камералары тіркеген соңғы бейне. 

Туған-туыстарының айтуынша, ақсақал әдетте маршруттан адаспай, үйден смартфонсыз шықпаған.

«Дәл сол күні ол құжаттарынсыз, телефонсыз, ақшасыз, қалтасында ештеңе жоқ күйде шыққан. Бұл ауданды полицияның көмегімен, әскери, кинолог, еріктілердің көмегімен түгел тінтідік. Біз сенімді ақпарат берген кез-келген адамға сыйақыға кепілдік береміз», — дейді Баженовтың туысы Елтай Шілдебаев.

Баженовтың туыстары жоғалған азаматтың денсаулығында кінәрат болмағанын айтты. Тынымбай Баженов кәсібіндегі мәселелер мен қауіптер туралы да отбасына айтпаған. 

Тынымбай Баженовті көлік қағып кетіп, қаланың сыртына апарып тастауы мүмкін, деп болжайды оның жақындары.

Іздестіру жұмыстарына туыстары, таныстары, еріктілер, полиция, құтқарушылар кірісті. Сүңгуірлер Сырдария түбін тексерді.

«12 сағат бойы Сырдария өзенінде, ХҚКО ауданында және Арай шағын ауданында су асты жұмыстары жүргізілді, бірақ суға батқан адамдарды таппадық. Іздеу-құтқару жұмыстары күн сайын Сырдария өзені бойымен Талсуат кентіне дейін жалғасып жатыр», — дейді Қызылорда облысыТЖД-нің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Бақыт Ембергенов.

 

stan.kz