Қызылорда облысында бір жасар бала арықтағы суға батып кетті – Қазақстан жаңалықтары

0
2

Қызылорда облысында бір жастағы бала арықтағы суға құлап көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында орын алды.

«Оқыс оқиға туралы хабарлама облыстық диспетчерлік жедел басқару басқармасына келіп түсті. 2019 жылғы қыз бала ауыл ішіндегі арықтағы суға құлап, қаза болды. Оны ата-анасы қараусыз қалдырған. Баланың мәйітін судан жергілікті тұрғындар шығарған», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Облыста жыл басынан бері 8 адам суға кеткен. Олардың 4-еуі бала болса, қалғаны – ересек азаматтар.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз