Қызылорда облысында бір үйдің сегіз адамы коронавирус жұқтырды  

0

Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы вирус жұқтырғандардың үшеуі он төрт жасқа толмаған бала екенін айтты

АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында бір отбасының сегіз мүшесі коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Сегіз адам 6-45 жас аралығындағы бір үйдің мүшелері. Оның ішінде үш адам он төрт жасқа дейінгі бала», — деді Әбдусәметов.



sputniknews.kz