Қызылорда облысында автобус аударылды: бірнеше адамның мәйіті табылды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Алдын ала мәлімет бойынша, 15 жолаушы зардап шекті, трагедия болған жерде апаттан құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Қызылорда облысында 50 адам мінген автобус аударылып кетті, төрт адамның мәйіті табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

3 желтоқсан күні Қызылордадан 85 километр жерде көктайғақтан жүргізуші рөлге ие бола алмаған. Автобус жолдан шығып кетіп, төңкеріліп қалған. оқиға таңғы сағат 05:25-те болған. 

«Сағат 07.56-дағы мәлімет бойынша, оқиға орнында төрт адам қаза болды, зардап шеккен 15 жолаушы автобустан шығарылды. Құтқарушылар апаттан құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр», — деп атап өтті Нұрахметов.



sputniknews.kz