Қызылорда облысында 6 ай ішінде 262 еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды

0

Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ертілеу Жалғасбаев өңірдегі мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Мемлекеттік еңбек инспекторларымен мекемелер мен  кәсіпорындарда есепті мерзімде 214 тексерулер жүргізіліп (оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінде – 143, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде – 71), қорытындысымен 262 заң бұзушылық  анықталды»,- деді Е. Жалғасбаев.

Басқарма басшысының айтуынша, еңбек саласындағы заң бұзушылықтардың 163 (62%) жеке кәсіпкерлік субъектілерінде, 99 (38%) мемлекеттік мекемелерде орын алған. Оларды жою және алдағы уақытта болдырмау жөнінде 139 Нұсқама беріліп (жеке кәсіпкерлер субъектілеріне – 99, мемлекеттік мекемелерде – 40), оның 129 (93 %) орындалған, қалғандары орындалу сатысында.