Қызылорда облысында 2018-2020 жылдарға арналған аймақ бюджеті нақтыланды

0

Денсаулық сақтау, білім, спорт саласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жобаларды әрі қарай дамытуға 153 млн теңге қаражатты бағыттау көзделіп отыр.

Үнемделген қаржыларды Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға және өңірдің кезек күттірмейтін басым бағыттағы шығындарына жұмсау көзделуде, деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі.

Мысалға, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдарда кәсіпкерлікті дамытуға 131,2 млн теңге несие қаржысы қарастырылған.

Келісілген жоспарға сәйкес, облыстық бюджет есебінен 800 адамды «Бизнес-Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негізіне оқытуға 36 млн теңге қарастырылып отыр. Жоба аясында барлығы 1600 адамды оқыту жоспарланды, оның 800 республикалық бюджет есебінен кәсіпкерлік негізіндегі оқыту курстарын бітірді.

Денсаулық сақтау, білім, спорт саласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жобаларды әрі қарай дамытуға 153 млн теңге қаражатты бағыттау көзделіп отыр. Қазіргі таңда өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында түрлі саладағы 75 жоба іске асуда.

Сонымен қатар, жаңадан іске қосылған 13 білім беру нысанының шығындарын өтеуге 178 млн теңге және Қызылорда қаласындағы мектептердің оқушылар контингентінің көбеюіне байланысты 111 жиынтық-сыныптарын қаржыландыруға қосымша 90 млн теңге қарастырылуда.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!