ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0
89

 

 

Тарбақов Хамит Мұратұлы Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымына тағайындалды.

Х. Тарбақов 1967 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын облыстық азық-түлік бірлестігінде қарапайым жұмысшы ретінде бастаған.

1994-1995 жылдары – Қызылорда табиғат қорғау прокурорының көмекшісі, тергеуші, аға көмекшісі.

1995-2002 жылдары – Қызылорда облыстық прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры.

2002-2012 жылдары Жаңақорған ауданы прокурорының орынбасары, Қызылорда табиғат қорғау прокуроры, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі, бөлім бастығы.

2012-2017 жылдары – Қызылорда облысы прокурорының ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аға көмекшісі.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат ретінде қызмет атқарып келді.