ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Тарбақов Хамит Мұратұлы Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымына тағайындалды.
Х. Тарбақов 1967 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын облыстық азық-түлік бірлестігінде қарапайым жұмысшы ретінде бастаған.
1994-1995 жылдары – Қызылорда табиғат қорғау прокурорының көмекшісі, тергеуші, аға көмекшісі.
1995-2002 жылдары – Қызылорда облыстық прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры.
2002-2012 жылдары Жаңақорған ауданы прокурорының орынбасары, Қызылорда табиғат қорғау прокуроры, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі, бөлім бастығы.
2012-2017 жылдары – Қызылорда облысы прокурорының ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аға көмекшісі.
2018 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат ретінде қызмет атқарып келді.