Қызылорда: Облыста жылу беру маусымына дайындық жүргізілуде
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Медет Усаин облыс әкімдігінің аппараттық мәжілісінде алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады.
«Бүгінгі таңда 507 білім беру мекемесінің 243-і, 411 мәдениет нысандарының 222-сі және 266 денсаулық сақтау нысандарының 144-і, сондай-ақ 640 шағын қазандықтың 353-і жөнделді. Жалпы жылу беру маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде», — деді М. Усаин.
Өз кезегінде облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов барлық жұмыстарды сапалы және уақытылы орындауды тапсырды