Қызылорда Мәдениет басқармасының басшысына пара алды деген айып тағылды

0
349

Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы жеке кәсіпкерден объектіні кедергісіз қабылдап оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 млн. теңге көлемінде пара алу дерегі бойынша күдікке ілінді.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Басқа ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялануға жатпайды.