Қызылорда базарында жүрегі ұстап құлаған әйелді тонап кеткен

0

Қызылордада базарда жүрек талмасы ұстап құлаған әйелді тонап кеткен.

Бұл туралы Facebook  парақшасында жәбірленушінің құрбысы айтып берді.

«Біздің адамдарға не болып барады! Жаңа ғана құрбымның сіңілісі хабарласты. Құрбым сыйлық сатып алу үшін базарға барған екен. Оны Жаңа базардың дәретханасынан тапқан. Жүрек талмасы ұстапты. Қазір комада жатыр», — деп жазды Елена Когай.

Әйелдің сөмкесі жоқ болып шықты. Сөмке ішінде құжаттары мен банк караталары болған.

«Қайта телефоны күртесінің қалтасында болған екен. Туыстарының сол арқылы таба алды», — деп қосты ол.

Әйел оқиға куәгерлерінің көмек сұрады. Айтуынша, полиция туыстарының арызын қабылдамай отыр.

Жазбаға полиция департаментінің өкілдері пікір қалдырған.

«Жазба назарға алынды. Полиция қызметкерлері жәбірленушінің туыстарымен хабарласты», — деп қосты ПД.