Қызыл кітапқа енген құс құтқарылды 

0

Фото: автор

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Ресей мемлекетінің «Қызыл кітабына» енген «әупілдек» құсын құтқарып қалды. Бұл жөнінде аталған аумақтық инспекцияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараз қаласындағы «Феникс» қонақ үйінің ауласына келіп қонған белгісіз құс туралы алғашқы ақпаратты қонақ үйінің иесі ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысына жеткізген. Хабарлама бойынша жедел әрекетке көшкен Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің мамандары Жанна Дүйсенбаева, Сұлтан Минтурганов және ВБҚК Тараз қалалық инспекция бас маманы Айдар Сүгірбаев барып қарап тексеру барысында оо Қызыл кітапқа енгізілген жабайы үлкен әупілдек құсы екені анықталған», — деп жазылған хаьарламада.

Сондай-ақ, жабайы құс Тараз қаласы әкімдігінің ветеринарлық қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының үй жануарлар дәрігерінің клиникалық тексеруінен өткізіліп, тексеру нәтижесінде оның бойынан жұқпалы ауру белгілері анықталмаған.

«Құстың қанаттары, аяқтары сау және құстың өз бетінше ұшалатыны туралы анықтама дайындалып, үлкен әупілдек құсы табиғат аясы тіршілік ортасына қайта жіберілді. Бір қызығы, әупілдек Ресей мемлекетінің Қызыл кітабына енген. Қазақстанда бұл құс мекендемейді. Тек біздің мемлекетіміз арқылы ұшып өтеді», — деді бөлім маманы Сұлтан Минтурганов.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ