«Қызығы таусылған соң шешіп тастайды». Орамал таққан Айдана Меденова хейтерлерге жауап берді

0

Әнші Айдана Меденова орамал таққалы жұртшылық тарапынан үлкен сынға ұшырағанын жасырмады.

“Әп-әдемі қазақтың қызы еді ғой”, “Қызығы таусылған соң шешіп тастайды”, “Өте өкінішті”. Мені қазір көп адам осылай сынап жатыр. Біздің елді басқа елмен салыстырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Меніңше, әйел адамның иманы орамал тағумен өлшенбейді. Оранып жүріп, Құдайдан қорықпайтындар да бар шығар? Кім біледі? Ешкімге өз ойымды, құндылығымды сіңіргім келмейді. Менің бұл қадамымның мәні – ең алдымен өз жүрегімнің тыныштығын іздеуімде. Сынағандарға ренжімеймін. Мені бұған дейін де көп адам әртүрлі себеппен сынайтын. Хейтерлер қай уақытта да табылады”, – деп жазды Айдана.

Өнер иесі өзін сынап жазғандардың көбі әншіден кешірім сұраған.

“Маған бұрын қатты сөз жазып сынағандардың біразы менен кейін кешірім сұрады. Қазір де сынап жатқандар кейін менен кешірім сұрайтынына сенімдімін”, – дейді әнші.

Айдана шығармашылығына қатысты қойылған бірнеше сұрақтарға да жауап берді.

“Мен өнерді тастап кете алмаймын. Жарнама келісімшарттарының кейбірін үздім. Бірақ өнер деген бала кезден бергі дағдым, хоббиім, жолым. Бұл мәселеде шешім тек өзімде. Күйеуім де “өзің шеш, мен сені қалай болсаң да қабылдаймын” деп қолдау көрсетеді. Әлбетте, сахнадағы образдарым өзгереді. Әндерімде де өзгеріс болады. Оны уақыт өте келе көре жатарсыздар”, – деп көптеген сұрақтардың нүктесін қойды.