Қызы Жаңа жыл түні қарттар үйінен келген анасын скотчпен тұншықтырып өлтірген

0

Қызының айтуынша, анасы ашуына тиген көрінеді

Жапонияның Икагура қаласында 80 жастағы анасын өлтірді деген күдікпен 56 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Kznews.kz Japantoday-ге сілтеме жасап.

Күдікті Киоко Иноуэ өз үйінде түнгі уақытта қарт шешесінің ауызын жабысқақ таспамен буып, аяқ-қолын матап тастаған. Иноуэнің күйеуі таңертең диванда қимылсыз жатқан енесін көріп, полиция шақырған. Ауруханаға жеткізген соң, әйелдің көз жұмғаны анықталады.

Иноуэнің анасы қарттар үйінде тұрған, ол жаңа жыл мерекесін қызымен бірге қарсы алуға қонаққа келген. Күдікті полицияға анасымен ұрысып қалған соң, оны тыныштандырмақ болып байлап тастағанын айтқан.