Қызметкерлер жұмыстан қуылады: Ақтөбеде тәрбиеші баланы сүлгімен сабаған (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбеде «Шағала» балаларға арналған сүйек-туберкулез шипажайында  бүлдіршінді ормамалмен сабаған қызметкер жұмысынан кетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап. 

шипажай

«Емдеу лагеріне баламызда алып барған болатынбыз. Ұлымыз жылап, үйге қайтқысы келетінін айтатын. Оның сөзінше, бұл жердегі тәрбиешілер балаларды тәпішке мен ілгіштермен сабайтын көрінеді. Шыны керек, оның сөзіне сенбейтінбіз. Бірақ ол бір күні видео жіберген кезде сенбеуімізге болмады. Шипажайда балалар жерде ұйықтайды екен. Осыған қатысты шара қолдануларыңызды сұраймыз», — дейді ата-аналардың бірі. 

Қазір аталған іс бойынша тексеріс амалдары жүргізілуде. 

«Материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Оқыс оқиға 1-наурызда балалар бөлмесінде орын алған. Балаларды екі тәрбиеші мультфильм көруге алып келген. Бүлдіршінді ұрған тәрбиешіге қоса, бұл жағдайда бейтараптылық танытқан қызметкер де жұмыстан қуылады. Аталған орталықтың қызметі толығымен тексерілетін болады», — деп мәлімдеді Ақтөбе облысының әкімдік қызметкерлері.

https://www.youtube.com/watch?v=5_pmE8IIp5Y

 

stan.kz