Қызметінен шеттетілген Ислам Әбішев не үшін айыпталды? — Қазақстан жаңалықтары

0

Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің үстінен іс қозғалғаны туралы КТК арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Ислам Абишев

Ислам Әбішев бұған дейін де лауазымды қызметтер атқарған. 62 жастағы шенеунік ғұмырын толықтай мемлекеттік қызметке арнаған,оның ішінде 7 жыл су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінде болса, ұзақ жылдар бойы қазіргі Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып істеген. Кейін Өскемен қаласына әкім болып сайланған. 

Десек те, мемлекеттік қызметтің қыр-сырын жақсы білетін саясаткер бүгінде қызметінен шеттетілген. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі өз қызметкеріне қатысты неліктен мұндай шешім қабылдағанын нақты хабарлаған жоқ. Кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, И.Әбішев жемқорлықпен айналысты деген айыпқа ілініп отыр екен. Бұл мәліметтің рас, өтірігін Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро әлі де болса ашып айтқан жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz