Қызметінен қуылған Павлодардың экс-әкімі жаңа лауазымға ие болды

0

Павлодардың бұрынғы әкімі Ержан Иманзайыпов мемлекеттік қызметте жаңа лауазымға ие болды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Ол бұдан былай өңірдің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарады.

Иманзайыпов әр жылдары Индустрия және сауда министрлігінде, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жұмыс істеді, Екібастұз және Павлодар қалаларының әкімі болды.

Павлодар әкімі қызметінен 2023 жылдың тамызында босатылды.

Себебі шенеунік қарамағындағылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды тиісінше ұйымдастырмаған, қаланы дамыту мен абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуын тиісті түрде бақыламаған, сондай-ақ қала тұрғындарымен қарым-қатынасты әлсіреткен.

Дәлірек айтсақ, белгіленген мерзімде жаңа қоқыс және ойын алаңдары орнатылмаған. Қаланың бас жоспарының жобасы аяқталмаған, маңызды нысанның құрылысы кешіккен.