Қызметінен босатылған Назарбаевтың құдасы Имашев бизнес класспен қайда барады? Дубайға ма?
Бүгін yyedilov телеграм арнасы қызметімен қоштасқан Имашевтың ұшақта отырған фотосын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Фотодан Орталық сайлау комиссиясының экс-төрағасы Берік Имашевтың бизнесс-класспен ұшып бара жатқанын байқауға болады.
Еске сала кетейік, Имашев Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылған болатын.
Ол Орталық сайлау комиссиясына дейін Әділет министрі болды. Соңғы қызметінде небәрі 5 жыл отырған.