Қызғаныштың уыты. Теміртауда турфирмада жұмыс істейтін қызды өлтіріп кеткен — Тосын жай

0

Теміртаудағы 70-кварталда көпқабатты үйдің лифтінде 8 қарашада адам өлтіру оқиғасы болды, — деп хабарлайды Etemirtau. Оқиғадан қайтыс болған қыз жергілікті турфирманың жұмысшысы, осы үйдің тұрғыны 32 жастағы Наталья Никитина екені анықталды.

Сол күні кеште көпқабатты үйдің тұрғындары лифттің істен шыққанын байқаған. «Сағат сегізде лифтпен түстім, немереммен жаттығуға барып, жарты сағаттан кейін оралсақ, лифт жұмыс істемей тұр екен. Иті бар әйел тұрған, істен шықты дейді. Қазір ғана істеп тұрғанын айттым, ол да қазір ғана итімен осы лифтпен түсіпті», — дейді үй тұрғыны.

10-қабатта тұрып қалған кабинадан тұрғындар келіншектің өлі денесін тапқан. Бұл оқиға бірден WhatsApp мессенджерінде тарап кеткен.

Оқиға орнына келген полицейлер бірінші кезекте марқұммен бірге тұратын адамды ұстаған, ол азаматтық некедегі әйелінің өліміне қатысы жоқ екенін айтумен болған.

Сол күні 37 жастағы әйел ұсталып, ол осы қылмысты жасағанын мойындаған. Бұл қадамға қызғаныш себеп болған. Болжам бойынша, күдікті Натальямен бірге тұратын ер адаммен қарым-қатынаста болған. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

«Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды, соталды тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жаңатай Сембеков.

Натальяның өлімі туған-туыстары мен жақындарына қатты батты. Теміртауға оның Ресейде тұратын туған бауыры келіпті.

«Бұл жағдайдың қалтарыс-бұлтарысы көп, мәйітханадан келдік, пышақталған, мойны сынған, 30-дан аса пышақ салған деді. Енді оны қайтара алмаймыз, лайықты жазасын алсын», — деді Артем Никитин.

Никитинаның әріптестері оның өте аққкөңіл, мақсатшыл әрі жұмсақ адам екенінін еске алды. Таныстары оның өліміне әлі де сене алмай отыр.

«Жоспары көп еді, Ресейге әкесіне бармақшы болған, күтіп жүрген. Таяуда ғана туған күні болған еді, ана атанғысы келген, бұл сезімді бастан өткере алмай кетті. Тұрмысқа шыққысы келді, енді жоспарының күл-талқаны шықты, бұл жағдайға оның қатысы да жоқ еді, еш кінәсіз өлім құшты», — дейді Сабина Омельченко.