Қызғаныштан барған: Қостанайда балаларын пышақтап, артынша өзіне қол салмақ болған әйел жайлы жаңа деректер пайда болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қостанайда екі баласын пышақтап, артынша өзін қол жұмсамақшы болған әйел жайлы тың деректер айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әйел

Ресми ақпаратқа сүйенсек, полицияға оқиға жайлы хабар 15 сәуір күні сағат 01:17 шамасында келіп түскен. 26 жастағы азаматша бір және үш жасар балаларын пышақпен тілгілеп тастаған. Артынша пышақты өзіне сұққан. Қазір үшеуі де ауруханада жатқан көрінеді. 

«Әйел өзіне қол салмай тұрып «бәріне құрбым кінәлі» деп хат жазып қалдырыпты. Ол бұл әрекетке қызғаныштан барғаны анықталыпты. 26 және 22 жастағы құрбылар бір-бірімен ер адамға деген қызғаныштың себебінен жанжалдасып қалған. Сондықтан бірінші әйелі өзіне және екі баласына қол жұмсамақ болыпты», — делінген ресми хабарлмада. 

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 26 жастағы келіншек 2018 жылы бірге тұратын еркекпен айырылысқан. Өйткені ер адам екі баланы әкесі екенін мойындамай қойыпты. Осы жағдайдан кейін әлгі әйел өз балаларын Қостанайдағы «Дельфин» балалар үйіне апарып өткізіп жіберген. Өзі болса Қойбағар ауылына қоныс аударып, сол жақта жұмыс істей бастапты. 2019 жылдың қаңтар. айында бұрынғы сүйіктісімен қайта көңіл қосыпты. Ал бір ай өткеннен кейін бүлдіршіндерді балалар үйінен алып кетіпті. Алайда ер адам мен әйелдің көңілі қайта жараспапты. 2019 жылы аналар үйінен бейімдеу орталығана көшіріліпті. 

«Әйел балаларға төленетін жәрдемақыны тұрақты түрде қол жеткізіп отырды, орталықта ақысыз тұрған.  Әкімдік тарапынан да әйелге бірнеше рет көмек көрсетілген. Қазір сот алды тергеу шаралары аясында әйелге психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды. Азаматша 3 жасар қызына және бір жасар ұлына пышақ жарақатын салған, артынша өзінің білегін кесіпті. Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 3-бөлігі бойынша («Адам өлтіруге оқталу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Әйелдің өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет ету фактісімен ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», — деп қосты ПД өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін Қостанайлық әйел балаларын пышақтап, артынша өзіне қол салғаны туралы айтылған еді. 

 

stan.kz