Қызған кірпіштің әсерін беретін жылытқыш

0

Олардың арманы орындалды! Бүгінде әркімнің «буржуйка» ғана емес, бүтін орыс пешін пайдаланатын мүмкіндігі бар. Бұл пеш бар болғаны қабырғаның бір шаршы метр ғана жерін алады, ағаш жарып, от жағудың да қажеті жоқ, бар болғаны токқа қосасыз.

Бұл жерде әңгіме «ТеплЭконың» тиімді жылытқыштары туралы болып отыр. Ол орыс пешінің барлық қасиетін бойына сіңірген, бүгінгі технологияның нәтижесінде тиімді де шағын түрде жасалған.

Жылу туралы арман

Бүгінде көптеген пәтердің батареялары бірде жылытады, бірде жылытпайды. Егер мамыр айында пәтерлердегі «пешті» өшіріп тастауға болатын болса, қыркүйек айында оны қайтадан қоса алмайсыз, себебі жылу беру маусымы басталған жоқ. Көп ретте батареялар бітеліп қалады… Көп ретте жылу жүйесінің қысымы төмендейді… Көп ретте… Пәтерлердің жылуы неге азайып кеткендігі туралы сылтау көп. Осы сылтауларды естігеннен кейін біз тығулы тұрған жылытқыштарды шығарамыз. Жылытқыштардың түрі көп: маймен жылытатын, жылу айдағыш, калориферлер. Олардың біреуі ауаны кептіреді, екіншісінің өрт шығаратын қаупі күшті, үшіншісіне балаларды жақындатуға болмайды. Қысқаша айтқанда, бұл жылытқыштардың әуресі үлкен орыс пешінің әуресінен де көп. Сонымен бірге олар электр қуатын да мейлінше көп тұтынады.

«ТеплЭконың» жылытқыштары бұл қиындықтардың бәрінен құтқарады. Бұл жылытқыш декоративті панельге ұқсайды, оның ішіне хромоникельді қыздырғыш орнатылып, кварцті құммен толтырылған. Бір жылытқыш 9 шаршы метр жерге орнатылады. Осы аумақ 10-15 минуттың ішінде қызып шыға келеді, суығанда кірпіш пешінің қабырғасы сияқты бірнеше сағат жылуын жоғалтпайды.

«ТеплЭко» ауаны кептірмейді, оттегін жоғалтпайды, өрт қауіпсіздігі жоғары (сыртқы қабаты 98 градустан артық қызбайды), кәдімгі шәйнектен төрт есе аз электр қуатын тұтынады (бір сөткенің ішінде бір панель бар болғаны 2,5 кВт электр қуатын тұтынады). Жылытқыштың ең төменгі әлеуеті: 400 Вт, көлемі 600 мм* 350 мм* 25 мм, салмағы 12 килограмм.

Адам денсаулығына әсері

Жылу – бұл инфрақызыл сәулелерден құралады, жылытқыштардың бәрі адам денсаулығы үшін зиянсыз емес, тек адам денесінен – 6-дан 20 мкм диапазонындағы сәулелер ғана зиянсыз. «ТеплЭко» жылытқышы кварц құмының табиғи қасиеттерін пайдалана отырып жылу береді, содан кейін бұл жылуды қызған кірпішке тән қасиет сияқты ұзақ уақыт таратып отырады. Басқа барлық жылытқыштардан гөрі «ТеплЭко» жылытқышы адам денсаулығы үшін зиянсыз, сонымен бірге біршама адам денсаулығына тиімді әсер етеді. 

Дербес және сенімді

«ТеплЭко» жылытқышының басты артықшылығы – оның дербестігі. Бөлмені жылытатын тиімді жылу мөлшерін термореттегіш арқылы жасайсыз. Сонымен бітті. Ол өз бетінше жұмыс істеп үй ішінде жылылық пен жайлылықты қалыптастырады – балалармен еденде ойнауға болады, көрпе жамылмай-ақ ұйықтауға болады, далада қанша аяз болса да үйдегі жылу мен жайлылық жоғалмайды. Сонымен бірге «ТеплЭконы» саяжайда, гаражда, кеңседе барынша тиімді пайдалануға болады. Бірнеше жылытқыш орталықтандырылған жылу жүйесін толық алмастыра алады.

«ТеплЭко» жоғары дәрежеде тазаланатын кварц құмынан жасалған энергия үнемдегіш жылытқыш шығаратын Ресейдегі бірден-бір зауыт. Сіз бұл жылытқыштарды біздің фирмалық дүкендерімізден немесе телефонмен тапсырыс беру арқылы аласыздар. Ал жылытқышты орнату өте қарапайым. Жылытқыштың қарапайымдылығы оны ұзақ мерзім пайдалануға болатындығының кепілі. Барлық озық қондырғылар мейлінше қарапайым болады. Сол сияқты «ТеплЭко» жылытқышы да тәжірибе жүзінде ұзақ жұмыс істейді. Оған берілген кепілдік 5 жыл болса да, пайдалану мерзімінде шек жоқ.

Дереккөз: http://egemen.kz/