“Қыздыруға 5 минут жетеді” — Министр өзі көлігімен эксперимент жасады
Экология министрі Ерлан Нысанбаев көлікті 5 минутта қыздыруға байланысты өз көлігімен эксперимент жасап, видео жариялады. Видеода Нысанбаевтың көлігін оталдырып, секундомер қосып қойғанын аңғаруға болады. Министр даладағы ауа температурасы -17 градус екенін де атап өтті.
Бес минут өткен соң, министр көлігінің жеткілікті деңгейде қызғанын айтып, қозғала бастайды. Алайда көлік қозғалтқышының температурсы қаншалықты көтерілгенін көрсетпейді.
коллаж: sn.kz