“Қыздың көзі қызылда”: Балғынбек Имаш Дубайдан алып келген көлігін көрсетті (фото)

0

Отандық танымал айтыскер ақын Балғынбек Имаш шетелден сатып алған су жаңа көлігін көрсетті. Ол темір тұлпарын Біріккен Араб Әмірлектерінен алып келген деп жазады KZNEWS.KZ. Балғынбек Имаш бұл жаңалығын өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Ақынның таңдауы қызыл түсті Chevrolet Camaro автокөлігіне түскен. Белгілі болғандай, ол бұл темір тұлпарды Рамазан айында Дубай қаласынан алдыртқан. “Қыздың көзі қызылда” деген. Қызыл машинасы келіп қызым мәз. “Күнде мектепке осы көлікпен барамын ба?” дейді. Осы көлікті Рамазан айында Дубайдан алып едік. Жолы ұзақ болды, енді ұзақ жолымызды қысқартып, игілікке қызмет етсін», — деп жазды Балғынбек Имаш.

Желі қолданушылары айтыскерді жарыса құттықтап жатыр. «Тұлпарыңыз құтты болсын», «Көлігіңіз құтты болсын ағасы», «Сіз үшін қуаныштымыз. Бізге де осындай көліктер бұйырсын», «Игілігіңізге мініңіз», «Өте керемет таңдау. Бұл мықты көлік», — деп жазуда олар.