Қызды зорламақ болған күдікті жындыханадан қашып кетті
Қысқа сілтеме алу
Ер адам танысының үйінде болған. Ол тергеу изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Елордалық тәртіп сақшылары жындыханадан қашып кеткен ер адамды ұстады. Ол зорлық жасады деген күдікке ілінген болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«9 қазан сағат кешкі 22.40-да кешенді жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті ұсталды. Ол тергеу изоляторына қамалды. Тексеріс жүріп жатыр», — делінген хабарламада.
Полиция ер адамның танысының үйіне болғанын анықтады.
Айта кетейік, 42 жастағы ер адам 9 қазан күні сағат 12:20-де Жансүгірұлы мен Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысында орналасқан медициналық мекемеден қашып кеткен. Ол Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 120-бабы («Зорлау») бойынша күдікке ілінген.
Тағы оқыңыз: «Аузы қанап кетіпті»: елордада мектеп жанында ер адам қызға шабуыл жасады
Еске сала кетсек, 5 қыркүйек күні күдікті астанадағы колледж студентін зорламақ болған. Кейін полиция ер адамды қолға түсірді.
sputniknews.kz