Қызды тұтқындап жатқан видеоға Нұр-Сұлтан қаласының полициясы түсініктеме берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлеуметтік желі қолданушылары Нұр-Сұлтанда қыздың ұсталғаны туралы видеоны талқылауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеода қыз «жұмыстан келе жатқанын» және ол «анықтама көрсеткенін» бірнеше рет қайталап айтты.

Нұр-Сұлтан полициясының хабарлауынша, оқиға 17 сәуірде сағат 11-лер шамасында Момышұлы даңғылының жанында болған.

«Полиция офицері патрульдеу кезінде әйелді тоқтатып, оның құжаттарын тексергісі келген. Мемлекеттік қызметкердің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан ол айқайлап, полиция қызметкерін балағаттап, қорлай бастады. Әйел өзінің әрекеті үшін жауапкершілік туралы ескертуге құлақ аспады және полиция қызметкеріне ұра бастады. 24 жастағы кафелердің бірінде жұмыс істейтін астананың тұрғынының жеке деректері анықталды», — деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

«Қызға қатысты карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотқа жолданды.

Полиция бөлімі азаматтардан карантин режимін қатаң сақтауға және полицияның заңды талаптарына түсіністікпен қарауға шақырады. Бұл шаралардың барлығы сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы үшін жасалуда», — деп түйіндеді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.



stan.kz