«Қыздарымды зорлады»: Ақтауда күйеуін айыптаған әйелге қатысты дерек шықты
Ақтау қаласының тұрғыны «бұрынғы күйеуім қыздарымды зорлады» деп жазған арыз бойынша жасалған сараптаманың нәтижесі шықты. Бұл туралы ИнАктау-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Полиция сот-медициналық сараптама нәтижесі әкесі тарапынан қыздарға зорлық-зомбылық әрекеттері болғанын растамағанын алға тартты.
Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстары жан-жақты жалғасын табатынын жеткізді.
Еске сала кетсек, Ақтаулық тұрғын үш қызын әкесі мен пәтер жалдаушы зорлағанын айтқан болатын.
Оның сөзінше, 14, 12 және 10 жастағы қыздарына бұрынғы күйеуі мен пәтер жалдап тұрушы азғындық әрекеттерін жасапты.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оларға әйел арыз түсірген. Ол 2005 жылғы қызын зорлағаны туралы айтып беріпті.