«Қыздармен тұрған суретін жіберетін»: Альбина Шардарова отбасына іріткі салғысы келгендерге тоқталды

0

Әнші Альбина Шардарова күйеуі Бауыржан Сатов екеуінің арасына іріткі салғысы келгендер туралы айтты.

Бұл туралы ол «Төртеу түгел» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеген.

«Кездесіп жүрген кез бөлек те, бірге тұру бөлек нәрсе. «Ер азығы түзде» дейді ғой. Кейде күйеуімнің таныс қыздармен сөйлесіп тұрған фотоларын жіберетін. «Сіздің күйеуіңіз мынадай қызбен тұр», — деп жазатын. Адамдар қазір ұрыстыруға шебер ғой. Көре алмайды. Іріткі салады. Сондай қиыншылықтар болды. Жылап отыратынмын. Келген соң: «Бұл кім? Не істеп отырсың?», — деп бастайтынмын. Түнімен күтіп отыратын кездер болды», — деді Альбина Шардарова.