“Қыздарға бөлмеге кеттік деген” — Бағжан Октябрь ренішін білдірді
Өнер иесі Павлодар өңірінде екінші рет жеке шығармашылық кешін өткізген.
“Рақмет, Павлодар! Концерт залының басшылығы менің жұмысшыларыма дөрекі қылық көрсетіп, дайындық барысында жарықты өшіремін деп қорқытқан. Қызметкерлерімнің арасында қарындасым Дина да бар. Оған да дөрекі мінезін көрсетіп, итеріп жіберген. Былтыр да дәл осы қызметкер ішіп алып, жағымсыз қылық көрсетіп еді. “Сендер менің жерімде жүрсіңдер! Мен не істесем де өзім білем” деп айтқан болатын. Ол кезде мен үндемедім. Осы жолғы қылығына шыдай алмадым. Өнерімді көрсетіп, сахна сыртына келсем, Динаның жылап отырғанын көрдім. Сол кезде ғана бәрін білдім», – дейді Бағжан Октябрь.
Ол концерт залының ақшасы толық төленгенін де атап өтті. Осы іске Павлодар қалалық мәдениет басқармасының назар аударуын сұрайды.
Концерт қоятын кезде волонтерлердің көмегіне жүгінетін өнер иесі, көмекке келетіндердің дені – жас қыздар екенін айтады.
“Әр концерт өткізген сайын волонтерлердің көмегіне жүгінемін. Олардың дені – жас қыздар. Сол қыздардың біріне тиісіп, “менің бөлмеме кеттік” деп айтқан. Мен ойлаймын бұл дабыл қағатын жайт”, – деп жазды өнер иесінің сөзін Stan.kz.
фото:вконтакте желісі