«Қыздардың бәрі құлап жүр»: Келіншегі Сәкен Майғазиевті не үшін қызғанды? — Қазақстан жаңалықтары

0

Белгілі әнші әйелі ұсынысын қабылдамай жүрген кездің өзінде қыздардан қызғанғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі 31 арнаның Айта берсін бағдарламасына сілтеме жасап.   

Сәкеннің отбасы

Әншінің айтуынша, әйелінің бірінші өзіне, сосын көзіне ғашық болған. Жарына Сәкен мырзаның қарапайымдылығы, атақ-даңққа құмар еместігі ұнаған. Бүгінде жұлдызды отбасы өткен күндерін есіне алып, бір күліп алады екен.

«Бірінші өзіне сосын көзіне ғашық болдым. Бір айдай келісім бермей жүрді. «Мен сізді танымаймын, бұрын-соңды көрмегенмін» дейтін. Кейіннен отбасы болғанда ішек-сілемді қатырып күлдіреді. Күлдіргенде не дейді дейсіз ғой? «Бір айдың ішінде іштей қорықтым. Жан-жақтан қарайтын қыздар өте көп, мен келісім бермей жүрген бұл жігітке қыздардың бәрі құлап жүр ғой, үміткерлері көп екен деп есім шықты», — деп мәз қылады бәрімізді. Мені көрмей тұрған кездің өзінде, консерваторияның айналасында, жатақхана маңында жүргенде қыздар қызыл бас киім киген Сәкен деп терезеден қарайтын көрінеді», — дейді жұлдыз. 

Әрі қарай ол әйелінің өз ұсынысын қабыл алуына не себеп болғанын айтып берді. Осы орайда, ол ұсынысын қабыл алғаны үшін уқанғанын жасырмады.  

«Мен расымен ол кезде қызыл бас киім киіп жүретінмін. Содан қорыққан болуы керек, бір айдан кейін келісімін берді. Кейін «Неге келісіміңді бердің?» деп сұрадым. Сөйтсем, бастапқыда альбоммен таныса бастағанда, отбасымызды көрсететін едік. Сол кезде менің әкең, анаң кім болып жұмыс істейді деп сұрамағаным, қарапайымдылығым, атақ-даңққа құмар еместігім ұнаған екен», — деді Сәкен Майғазиев. 

stan.kz