«Қыздар, шетелдікке тұрмысқа шығыңдар!»

0

Бүгін ғана ақпараттық порталымызға шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қызына қатысты тұщымды деген пікрлердің екеуін жариялап едік. Екі мақалада да қыздарымыздың шетелдікке тұрмысқа шығуына қатысты әйелдердің көзқарасы тұрғысынан берілді. Алайда төмендегі пікір ер-азаматтарымыздың көзқарасы тұрғысынан кімге де болса ой салары сөзсіз деген оймен назарларыңызға ұсынуды жөн санадық.

Қазақ қыз-қатындары, өзге ұлтқа тиіп алыңдар. Шетелге тұрмысқа шығыңдар.

Өйткені олар бақытты қылады. Біз қазақ жігіттері сендерді зорлаймыз, ұрамыз.Сендер өзге ұлтқа тиіп бақытты болсаңдар болды. Бізге сол керек.Барлығың тиіп алыңдар.

Біз қазақ жігіттері жаманбыз, жұмыс істемейміз. Ажырасып кетеміз.Қарындарың аш жүреді.

Күнде ақша беріп тұра алмаймыз.Біз жаманбыз, қысқа киме дейміз, ішпе дейміз, шекпе дейміз, өзге ұлтқа тиме дейміз.Өзге ұлт сендерге рахат.Соларға тиіп алыңдар.Қайтесіңдер елдің, ұлттың намысын ойлап.Бақытты болсаң болды емес пе?Барлығың бір біріңді қолдаңдар да өзге ұлтқа кетіңдер.

Қазақтар жаман. Қазақтардан жігіт таппайсың дар. Шет елде жігіт көп. Кетіңдер сол жақа.

Осылай айтсақ қана сендерге ұнайтын сияқтымыз.Сендерді өзге ұлтқа беріп беріп абырой жинап алайық та. Мәз боп жүрсеңдер болды бізге. Айтпақшы, қазақ жігітіне жақындамаңдар. Зорлап жібереді. Бұзылып қаласыңдар.

Жігіттер жаман, қыздар періште. Оларда еш кінә жоқ.

Өзге ұлтқа тисеңдер де біз кінәліміз. Қысқа кисеңде біз кінәліміз. Ажырассаңдар да біз кінәліміз.Бәріне біз кінәліміз.Так што өзге ұлтқа кетіңдер. Бақыт тек өзге ұлтта.

Қайтесіңдер ұлт, намыс, ұят дегенді, ол өтірік әңгіме ғой. Ол сөздер сендерді алдау үшін ойлап табылған айла.

Бәріне қол сілтеп де кетіп қалыңдар.Осылай айтсақ ұнаймызба?Әй қайдам. Бәрібір ұнамаймыз. Өйткені біз өзге ұлт емес қазақпыз ғой.

Әлеуметтік желі жазбаларынан алынды.