Қыздар махаббатта қандай?

0
368

ҚЫЗДАР МАХАББАТТА ҚАНДАЙ?

♈️ ТОҚТЫ ҚЫЗДАР

Тоқтылар қорқақтарға қол емес. Тоқты қыз-келіншектерге духы жеткен жігіттер ғана сөз салады. Бірақ екеуара қарым-қатынаста жігітті бәрібір өз ыңғайына жығып алады. Өздері ессіз ұнатқан жігітке жүрекжарды сезімдерін білдіруге қысылмайды. Махаббатта эксперимент жасаудан тартынбайды. Олармен ешқашан ішіңіз пыспайды. Бірақ тәуелсіз, күш-қуаты тасып жүретін, мінезді тоқтыларды бағындыра аласыз ба? Мәселе сонда. Олар оңайлықпен айтқаныңызға көніп, айдауыңызға жүрмейді. Қалаған нәрсесін алады, сізді махаббаттың құлы етеді. Мұндай әйелмен бірге болу оңай емес. Оларға еркіндік, шабыт, тәуелсіздік және сөзсіз адалдық керек. Бірақ таңдауы түскен азаматты өзінің ыстық оттай махаббатына бөлейді. Ер азаматпен тең қарым-қатынасты ұстанады. Егер ері көзіне шөп салатын болса, тоқты келіншектерден де адалдықты талап етудің қажеті жоқ. Олар – құшағы от көңілдес. Қызғаншақ. Тұрған тұрыстарының өзінен тәкаппарлық пен паңдық сезіліп тұрады. Кез-келген ортада оларды байқамай қалу мүмкін емес. Өздерін көрсетіп қалғанды, ерекшеленгенді ұнатады. Өзін бағалағанды, сүйгенді, құрметтегенді қалайды. Өмірге құштар, көңілді, керемет қыздар. Егер тоқты келіншектің көңілінен шығып, оның көңіліне жағатын мақтау сөздерді асқан шеберлікпен айта білетін болсаңыз қақпаныңызға түсті дей беріңіз. Олар өздері таңдаған ер азаматқа айнымас серік, таптырмас көмекші болады. Ерін жігерлендіріп, шабыттандырып, мақсатына жетуге көмектеседі. Себебі оларға мықты азамат керек. Әлсіздерді менсінбейді және олардың жанында өздерін бақытты сезінбейді.

♉️ ТОРПАҚ ҚЫЗДАР

Оларды кездейсоқ қарым-қатынас қызықтырмайды. Бір түндік қызық қызықтырмайды. Сезімтал, адал, қамқор. Отбасын айрандай ұйытып, ошағын қызғыштай қоритын жандар. Бәрін күтіп, бәрін тамақтандырып, барын беретін Жер-Ана секілді. Ал махаббатта жалынды. Ғашықтық сезімі оларды құлпырта түседі. Жігітпен екеуара қарым-қатынаста ұяң да емес, сен тұр, мен атайын да емес. Тек шынайы, табиғи болмыстарын көрсетеді. Өз сезімдерін жасырмайды. Азаматын аялағанды, аймалағанды ұнатады. Түнгі тірлікке тәбеттері ерекше. Жарына адал дос. Олардың жүрегін жаулау оңай емес, себебі олар жігіттерді соңдарынан біраз жүгірткенді ұнатады. Оларға лайықты ухаживание жасау керек. Ұсақ-түйекке қатты мән береді. Егер шын сүйсе ол сезімдерінен бас тартқызу, айныту әсте мүмкін емес. Өз шешімдері мен таңдауларына сенімді және өздеріне не керек екенін анық біледі. Шешімді асықпай қабылдайды. Оларды асықтыруға болмайды. Әр қарым-қатынастың (достық, туысқандық, махаббат, әріптестік) негізі берік қаланғанын қалайды. Әдемі әңгіме айта алады. Тек оларды күлдіре білу керек. Өздерін күлдіретін адамдарды жақсы көреді. Егер оларға ұнағыңыз келсе комплиментті жақсы айтыңыз. Талғамын, сатып алған заттарын, көлігін, үйін, үйде жасаған тірліктерін мақтаңыз. Сондай-ақ ақшаны жақсы көретінін естен шығармаңыз. Арасында ақша беріп алдап қоюыңызға болады. Олар нағыз романтик қыздар. Табиғи, тұрақты, жайдары, сексуальная, талғамы жоғары әрі әдепті. Егер торпақ қызға қолыңыз жетсе өмірде жолым болды дей беріңіз.

♊️ ЕГІЗДЕР
.

Бұл қыздарды заманауи тілде «кокетка» дейді. Қылмыңдаған, сылаң қаққан қызды алғаш көргенде сиқырына еріксіз арбаласыз. Бірақ олардың романы тұрақсыз. Бір жігітпен кездесіп жүріп, басқаларымен де еш қысылмай сөйлесе береді. Тез достасатын, жалынды қыздар. Көп жігіттер оларды ұнатса да, түсінбей әлек болады. Себебі Егіздердің болмысы екіжақты, құбылмалы. Қолма-қол өзгереді. Аузымен басқа нәрсені айтып тұрып, қолымен мүлде басқа тірлікті істеп тұруы мүмкін. Басқалар мазасын алып сұрақ қоя берсе қырық өтірікті соғып жауап бере салады. Бірақ іс жүзінде өздеріне не ыңғайлы, соны істейді. Оларға лишь бы тас кенеше жабысып тұрған адамнан тезірек құтылса болды. Ертең ол адамның не ойлайтынына бас қатырмайды. Бір жағы бұл әйелдер қамқорлықты, мейірімді, махаббатты қалайды, өздерін әлемдегі маңызды әйел сезінгілері келеді. Екінші жағынан жаңашылдықты, шабыттандыратын дүниелерді іздеп тұрады. Қарым-қатынас аяқталғанда себебін анықтап әуре болмайды. Бар ма бар, жоқ па жоқ. Болды. Жігітті жоқтап, жылап-сықтап отырмайды. Негатив естеліктерді тез арада миынан шығарып тастайды. Себебі қайта ғашық бола алатындарына өте сенімді.

Жігіттің басын айналдыру, жүрегін жаулау процесінде қатыгез болуы да мүмкін. Сіз күйіп-жанып отырсаңыз ол маска киіп, сізді тексеріп, сынап, ойын ойнап отыруы да ғажап емес. Оларға бір поклонник аздық етеді. Бірнеше жігітті бес саусағында шыр айналдырғаннан ләззат алады. Бұл оларға жай ғана қызық ойын сияқты. Сезімі тез оянып, тез сөнеді. Бүгін сізді өлдім-өштім, күйдім-сүйдім деп, ертең ұмытып та кетуі оңай. Сексуалдық қызығушылығы да шексіз. Эксперимент жасағанды жақсы көреді. Эмоцияға кедей. Серігіне тереңде жатқан сырларын ашпайды. Көңілді, өмірден ләззат ала алатын, мазасыз, сабырсыз, шыдамсыз. Бұл қыздар бір жігіттің ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымда ұстаймын дегеніне ешқашан көнбейді. Керісінше сол жігіттің өзінің шапкасын теріс айналдырып жіберуі мүмкін. Оның алып-ұшпа мінезін басып, жанында мықтап ұстап отыру үшін ой, ой жігіт қандай мощный болу керек десеңізші))). Мұндай қызға жолыққан жігіт ақыл-ой, эмоция жағынан да, сексуалдық жағынан да мықты болуы керек.

Егер оны басатын жерде басып, мінез көрсететін жерде мінез көрсетіп, ілесетін жерде ілесіп, керек кезінде шоу көрсетіп, қажеттіліктерінің бәрін қанағаттандыратын болсаңыз бұл қыз сізге адал жар, сенімді серік, іш пыстырмайтын көңілдес болады. Олар себепсізден себепсіз ештеңе істемейді. Әр ісі мен сөзінің астарында әйтеуір бір гәп жатады. Көп жағдайда ол себепті өздерінен басқа ешкім біле бермейді. Егер шын сүйіп, қатты ғашық болып қалса қызғаншақ, билікқұмар әйелге айналуы да мүмкін. Және оларды алдау мүмкін емес. Адамды тексергенді жақсы көреді. Егер сол сынақтан өтсеңіз барлық мүмкіндігіңіз бар. Арасында өсек те айтып қояды. Үнемі өздерін күлдіре алатын адам іздейді. Егіз қыздарға ұнағыңыз келсе ақыл-ой қабілетін арттыратын сыйлықтар сыйлаңыз: кітап, жаңа сөздіктер немесе бағдарламалық қосымшалар. Бірақ ешқашан олардың сезімімен ойнамаңыз. Олар өте сезімтал.

♋️ ШАЯН ҚЫЗДАР
.

Ұяң, сезімтал, өте эмоционалды. Махаббат олар үшін тәтті шырын секілді. Масайтып, жайнатып, құлпырта түседі. Бірінші қадам жасауды білмейді. Сондықтан оның астарлап айтқан сөзі мен ымдағанын түсіне білуіңіз керек. Тез бауыр басып қалады. Су стихиясынан болғандықтан ол үшін сенім өте маңызды. Жүрегін де беталды адамға сеніп тапсырмайды. Махаббат пен қамқорлыққа зәру. Өзі сүйген адамға мәңгілік адал. Көзі басқа ешкімді көрмейді. Ал махаббаттағы сатқындық оның жанын қатты жаралайды және ол оны көпке дейін кешіре алмайды. Тіпті кешірмей кетуі де мүмкін. Бұл қыздар көп жігіттің арманы. Айғайлатып флирт жасамайды. Оның флиртін әрең түсінесіз. Жан дүниесі сұлу, рухани бай, жұмсақ жан. Өмірдің мәні махаббатта екеніне балаша иланады. Олардың бойынан ескіліктің қалдығын көп байқауға болады. Сентиментальді. Көптеген естелік суреттерді, хаттар мен заттарды сақтап, жинап жүреді. Бұл қыздың көңілінен шығу үшін оны мақтаңыз. Күлкісінің әдемі екенін, киімінің сәнді екенін айтыңыз. Барынша жұмсақ қарым-қатынас жасаңыз. Театр, көрме сияқты мәдени іс-шараларға апарыңыз. Олар жанды дауыспен айтылатын музыканы, опера мен түрлі концерттерді жақсы көреді. Ойланбай қадам жасамайды. Шешімді де ұзақ ойланып барып қабылдайды.

♌️ АРЫСТАН ҚЫЗДАР

Бұл қыздар бәрінен бұрын өзін мақтағанды қалайды. Өзін мінсіз, жалғандағы жалғыз сұлу санайды. Сондықтан сүйіктісі оны әрдайым мақтауы керек. Ол кез-келген «күрестен» биік. Сондықтан өзін өзге қыздармен салыстырғанға көнбейді, олармен ешқандай сайысқа түспейді. Және жеңілуді де білмейді. Оған еркіндік қажет. Оның кербездігі кез-келген жігітті есінен тандырады. Сол себепті оның маңайында әрдайым табынушылары болады. Оның жүрегін жаулау үшін көңілді кештерге, ашылу салтанаттарына алып барсаңыз болады. Арыстан қыздан ақша аямаңыз, көзінше тиын санап, әлдебір заттың бағасын сұрап, саудаласып тұрмаңыз. Олар мұндай қылықты ешқашан кешірмейді. Сыйлықтың да қымбатын алғаныңыз дұрыс. Ол қоғамда белгілі бір жетістікке жеткісі келеді. Әрдайым өзін дамытуға тырысады. Ал сүйген адамына құлай беріледі. Ол энергиясы көп, өмірге құштар романтик әйел. Таңдауы түскен сүйіктісінен де соны күтеді. Арыстан әйел отбасылық өмірде құлпыра түседі, бірақ күйеуі көңілінен шықпай қалса тиранға айналуы да мүмкін. Ал егер махаббатыңызға бөлеп, тәнті ете білсеңіз әйелге тән нәзік қылығының бәрі ашылып, от құшағы басыңызды айналдырады. Олар ерін патшадай күтетін әйелдер.

♍️ БИКЕШ ҚЫЗДАР

Жан дүниесі эмоцияға толы. Бірақ оны білдірмейді. Сыртынан сабырлы, байыпты, қол жетпейтін талғампаз ару болып көрінеді. Алайда бұл зодиак белгісі ең бір қайшылығы көп белгілердің бірі. Олар көпшілікке жұмбақ жандар. Бикеш табиғатынан сезімге сенбейді, тіпті одан қорқады. Себебі ол эмоцияда өзін жоғалтып алуы мүмкін. Сондықтан ерлерге суық көрінеді. Басқалар оларды ұяң, тұйық деп ойлайды. Бірақ бұның өзі кейде алдамшы. Эмоциясы қаншалықты көп болса да, олар тәртіпке бағынады. Консервативті. Қарым-қатынасқа сақтықпен, талғаммен қарайды. Дистанция сақтайды, шекарасын белгілейді. Өзінің ең жақсы құрметке лайық екенін біледі. Өзіне тең келмейтін адаммен бас құрамайды. Бірден сезімге бой алдырып, ес-түссіз ғашық болмайды. Оларға ғашық болу үшін біраз уақыт керек. Сезімін біртіндеп білдіріп, сенуді үйренеді. Өзін қызықтырмайтын адамға кездесуге бармайды. Қиялындағы адамды қанша болса да күтеді. Мейірімді, адал. Нағыз махаббатқа сенеді. Сүйген азаматын нағыз махаббаттың ләззатына бөлейді. Бикештерді күшпен қарату мүмкін емес. Оларға әрдайым жұмсақ қарым-қатынас жасау керек. Олар тамақты да талғап ішеді, денсаулығын күтеді. Ұсақ үй жануарларын, әсіресе экзотикалық жануарларды жақсы көреді. Интеллектісі жоғары, мәдениетті адамдарды ұнатады. Үнемі бірдеңені уайымдап, алаңдап, жоспармен жүреді. Ұсақ-түйектің өзін уайым қылады. Бәрін мұқият електен өткізеді. Барлық жолдар мен нұсқаларды саралап көреді. Содан кейін барып тоқетер шешім қабылдайды. Бикештердің жүрегін жаулай алсаңыз – бағыңыз жанғаны.

♎️ ТАРАЗЫ ҚЫЗДАР
.

Махаббат пен сұлулық планетасы басқаратын Таразы қыздар жігіт біткеннің көз құрты. Олар жігіттердің басын айналдыруды өнер көреді. Талғампаз актрисалар. Барлық елдің назары өздерінде болғанын қалайды. Өмірді сахна деп алсақ, олар сол сахнадағы ең жарық жұлдыз болғысы келеді. Дизайнерлік, шығармашылық қабілеттері бар. Тамақ пен шарапты талғап ішеді. Талғаммен киінеді. Түнгі тірлікте де эстетиканы ұмытпайды. Романтик. Жалқау. Тез қызығып, тез айниды. Қысқа уақытта бірнеше маска киіп, бірнеше рөл ойнай алады. Әрдайым идеал жігіт іздейді. Шампан мен гүлді, тосын сый мен саяхатты ұнатады. Сондықтан көп Таразы қыздар ауқатты, жақсы «ухаживание» жасай алатын ересек ер адамдарға қарай тартылады. Олардың бар еркелігін көтеріп, көңілінен шығу керек. Осы себепті де жиі ажырасып жатады. Таразы – зодиак шеңберінің алтын тасы. Олар жарқырап тұрады, жарқырап жүреді. Әдепті, мәдениетті, эстетикалық талғамы бар жандар. Өзгелер оларға тәнті болуы керек. Таразы қыздың жүрегін жаулағыңыз келсе ақша аямағаныңыз абзал. Олар сараңдықты, ақша үнемдегенді ұнатпайды. Керісінше қымбат мейрамханаларға барып, заттың да қымбатын алғанды жақсы көреді.

♏️ САРЫШАЯН ҚЫЗДАР

Қорқақ, ұялшақ, жасқаншақ жігіт ешқашан Сарышаян қыздың жүрегін жаулай алмайды. Өмірде өзіне не керек екенін анық білетін, өзіне сенімді жігіт қана бұл қызды сындыра алады. Сарышаян қыздар өте эмоционалды, нәзік әрі талапшыл. Оны жеңіл флирт пен бір түндік көңілдес қызықтырмайды. Сүйіктісін ешкіммен бөліспейді. Қызғаншақ. Егер жігіттің ойы тек уақыт өткізу болса, Сарышаян қызға жоламағаны абзал. Себебі олар жауапсыз махаббат, жеңіл-желпі қарым-қатынас, уақытша көңіл жарастыру дегенді білмейді. Олар жігіт атаулыны естен тандыратын сұлу қыздар. Тартымды әрі жұмбақ. Ешқашан жігіттің ішін пыстырмайды. Түнде де, күндіз де. Жігітті әп-сәтте құздан да құлата алады, бақыттан басын айналдырып, төбесін көкке де жеткізе алады. Мінезі бомба секілді. Олар «орта жол» дегенді білмейді. Не бәрін иеленуі керек. Не ештеңенің қажеті жоқ. Басқа зодиак белгілеріндегі қыздардың бәрімен «Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?» деген мәселені талқылап, өзіңіздікін дәлелдей аласыз. Ал Сарышаян қыздарға бұл қағида жүрмейді. Оларға тек бағынасыз. Егер оған бағынбай, айтқанына көнбей қарсыласатын болсаңыз «жер сілкінісіне» дайындала беріңіз. Сарышаян қыздар үшін махаббат аса маңызды. Олар кез-келген жігітті қарата алады. Интуициясы өте мықты. Сирек қателеседі. Өзінің бір азаматпен бақытты болатынын сезсе оны дереу қармағына түсіреді. Адам жанына терең үңіле алады. Түнгі тірлікте оларға ешбір әйел тең келмейді. Сезімтал. Жақын және берік қарым-қатынасты қалайды. Суықтық пен жеңіл ойлылықты көтермейді. Ер азаматы үшін ол қашанда бірінші орында болуы керек. Өзін ренжіткен жігітті кешірмейді. Міндетті түрде жауап қайтарады. Тіпті күл-талқанын шығаруы мүмкін. Таңдауы түскен еріне адал. Энергиясы көп. Сүйгенін барлық қауіп-қатерден соңғы демі шыққанша қорғайтын өмірлік серік, жан жолдас бола алады. Жігіттен тұрақтылықты талап етеді. Бұл қыз сүйген жігіт оның меншігіне айналады.

♐️ МЕРГЕН ҚЫЗДАР
.

Барлық от стихиясының қыздары сияқты (Тоқты, Арыстан, Мерген) бұл қыздар да өте жалынды.Өмірге позитивпен қарайды. Ал сүйіспеншілік сезімі оны одан сайын бақытты ете түседі. Мерген қыз ғашық болса айналасын нұрға бөлеп, гүлдендіріп жүреді. Бірақ отбасы, ошақ қасы Мерген әйелдің ішін пыстырады. Егер өзіне қызықты болса кез-келген ойынға құлшына кіріседі. Қиын жағдайды пайдаланып қалуға тырыспайды. Егер әлдене өзіне ұнамаса оған мойынсұнбайды. Компромиске бармайды. Кетіп қалады. Басқа қыздар сияқты махаббатқа соншалық серьезно қарамайды. Ол үшін махаббат – өмірдің бір бөлігі ғана. Бірақ тұтас өмірін махаббатқа байлап қоймайды. Спортты, табиғаттағы белсенді демалысты, саяхатты жақсы көреді. Сондықтан оған өзі сияқты азамат керек. Мерген қыздар әдетте жыныстық қатынасқа ерте түседі. Және интим кез-келген жерде болуы мүмкін. Бірақ олар мұның салдарын ойлай бермейді. Оған шынайы, романтикалық, импульсивті интим ұнайды. Жігітке қатты бауыр баспайды. Әр романды жаңа тәжірибе ретінде көреді. Флиртті ұнатады. Бірақ нағыз махаббатын жолықтырса сүйгеніне адал. Ақша немесе атақ үшін тұрмысқа шықпайды. Өзінің жанына жақын адамды іздейді. Сүйгеніне шығады. Ал жігіттерге Мерген қыздардың өмірді қалай бар солай қабылдайтыны ұнайды. Юморы бар ер азаматтарды ұнатады. Өзін күлдіре алмайтын жігітпен іші пысып кетеді. Күрделі қарым-қатынасты ұнатпайды. Бәріне жеңіл қарайды. Көбіне интеллектуал азаматтарға көңіл аударады. Өмірден барынша ләззат алады. Оптимист. Таза ауадағы кездесулерді, ай астында билегенді, серуендегенді ұнатады. Адам көп жиналатын салтанатты шаралар мен мейрамдарды ұнатпайды. Ешқашан Мерген қыздың еркіндігіне қол сұғып, айтқаныңызды істетуге тырыспаңыз.

♑️ ТАУЕШКІ ҚЫЗДАР

Бұл қыздар үшін махаббат маңызды. Бірақ оны көрсетпеуі мүмкін. Сырттай суық, ұстамды, жұмбақ. Жүрек түкпірінде романтиканы қалайтын нәзік жандар. Көп қыздар махаббат мәселесінде тағдырға сеніп жатады. Ал Тауешкі қыздар өз өмірлерін өздері жасайды. Қандай жігітті таңдау керек екенін біледі. Бір көргеннен басы айналып ғашық болмайды. Құр флиртке уақыт құртпайды. Махаббатқа жауапкершілікпен қарайды. Егер жігіт үмітін ақтамаса онымен ара қатынасын бірден үзеді. Егер белгілі бір жігіт өзіне ұнаса оны сырттай әбден бақылайды. Зерттеп, тексеріп, эмоцианалдық байланыстың салдары неге әкеліп соғуы мүмкін екенін де ойластырады. Топырақ стихиясының басқа белгілері (Торпақ, Бикеш, Тауешкі) сияқты өте сезімтал. Бірақ онысын тек қауіпсіз, сенімді сәттерде ғана көрсетеді. Олар үшін қауіпсіздік, сенімділік, қорғаныс аса маңызды. Тауешкі әйел үшін отбасындағы бақыт бірінші орында. Оған өзін бағалайтын, түсінетін, өмірі мен мақсатына қол сұқпайтын адам керек. Реалист. Өзіне қандай азамат керек екенін анық біледі. Бір қарағанда жасқаншақ, ұяң, мойынұсынғыш көрінуі мүмкін. Бірақ Тауешкі әйел резеңке доп сияқты. Қанша созсаң да, өз формасына келеді, өзінікін істейді, негізін жоғалтпайды.

Суық ақылдың иесі. Тәртіпке бағынады. Әр жағдайға объективті түрде қарайды. Женственная. Ішкі күші зор. Тауешкі қыздардың жүрегін жаулау оңай емес. Біраз уақыт жүгіруіңізге тура келеді. Бұл қыздарды ешбір Дон Жуан уысына түсіре алмайды. Кез-келген періні орнына қоя алатын шамасы бар. Ешкімді басындырып, ойына келгенін істетпейді. Жеке қарым-қатынаста доминант болғысы келеді. Сол себепті жасы кіші жігіттермен жиі көңіл жарастырады. Кездесу кезінде өз ережесімен жүргізуге тырысады: қай мейрамханаға баратындарыңызды, қайда көңіл көтеретіндеріңізді шешеді. Отбасын құрсаңыздар әркімнің міндетін бөліп береді. Мейірімді, адал, сенімді. Ақшаны ұқсату біледі. Адамды жақсы таниды. Сүйіктісін қиын сәтте жалғыз қалдырмайды. Бірақ әдетте Тауешкі қыздардың махаббатта жолы бола бермейді. Себебі олардың талабы көп және мансабына баса көңіл бөледі. Бұл ер адаммен қарым-қатынас құруға кедергі келтіреді. Тауешкі қызды сыйлай, бағалай білсеңіз ол сізді шексіз махаббатына бөлейді. Адамды құлақ қойып тыңдай алады. Меланхолик мінезі бар. Сапалы, стильді заттарды жақсы көреді. Сән-салтанатты ұнатады. Бірақ ақшаны беталды шашпайды. Тауешкіні қызды кездесуге шақырсаңыз ешқашан кешігіп бармаңыз. Себебі олар өз уақытын да бағалайды және оны босқа өткізбейді.

♒️ СУҚҰЙҒЫШ ҚЫЗДАР

Сүйкімді, қызықты, ақылды, елітіп тұратын қыздар. Жігітті ешқандай айла-қулықсыз-ақ сындырып алады. Магнитше тартатын тартымдылығы бар. Тәуелсіз. Бірақ бұл қыздарды суық, тұйық, сезімсіз деуге келмейді. Елмен достасып, жақсы қарым-қатынас орната біледі. Басқаларды құлақ қойып тыңдай алады. Романтикалық қиялы ұшқыр. Суқұйғыш үшін махаббат деген – идея мен идеал. Шын мәнінде Суқұйғыш қыздар эмоциядан қорқады. Эмоцияға беріліп, өз жанын жаралағысы келмейді. Одан биік. Өмірге объективті қарайды. Ешбір жігіт оларды бағындыра алмайды. Олар тек өз дегенімен жүреді. Еркін. Өзгелердің пікіріне тәуелді емес. Олардың бес минуттан кейін не істейтінін болжай алмайсыз. Құбылмалы. Төсекте новатор әрі суретші. Жаңашылдық пен әртүрлілікке құмар. Жігіттердің өзіне лайықты сый-құрмет көрсеткенін, жеткілікті көңіл бөлгенін, жақсылап «ухаживание» жасағанын қалайды. Олар үшін алып ұшқан сезім емес, қарым-қатынас маңызды. Жігітке жігіт деп емес, ең әуелі тұлға деп қарайды. Отбасы, ошақ-қасынан шықпай отыратын адам емес. Өзінің жобалары, хоббиі мен қызығушылықтары, достары болуы керек. Әйтпесе деградацияға ұшырайды. Егер біреуді шынымен сүйіп қалса, оған өмірінің соңына дейін адал. Уәдесіне берік. Сабырлы. Өкпе-ренішін тез ұмытады. Қызғаншақ емес. Эмоциясын көрсетіп, истерика жасап есті шығармайды. Жеңіл. Жігіттер тек өзін сыйлауды және қызығушылықтарына құрметпен қарауды талап етеді. Бір сарынды өмірден іші пысып кетеді. Сондықтан Суқұйғыш қызды ұнатқан жігіт оның қарқынына ілесуі керек. Әйтпесе айырылып қалуы бек мүмкін.

♓️ БАЛЫҚ ҚЫЗДАР

Бұл қыздардың фантазиясында шек жоқ. Жігіт біткенге бір көргеннен ұнайды. Бойында магнитше тартып тұратын тылсым бар. Жұмсақ, биязы, ибалы, әдепті. Бір қарағанда күнәсіз періштедей. Балық қыздар серігін су стихиясының басқа белгілері (Шаян, Сарышаян) сияқты бір сәттік сезіммен таңдамайды. Олар адамның жүрек түбінде жатқан жасырын құпиясының бәрін мистикалық тұрғыдан сезіп қояды. Көңіл көзі арқылы өзгелердің шынайы бет-бейнесін көреді. Өзіне бірдеңе ұнамаса, жамандықты сезсе дереу кетіп қалады. Өзін әрдайым біреуге қажет сезінгісі келеді. Сондықтан эмоциясы тұрақсыз, тиран жігіттерді таңдап жатады. Ерік-жігері күшті, батыл, өзін қорғай алатын азаматты таңдадым деп ойлайды. Содан кейін оларды баласындай өбектейді, қамқор болады.

Махаббат олар үшін бар дүниенің мәні. Махаббатта бақытты болса басқасының бәрі өздігінен шешілетіндей көреді. Сүйгенінің көлеңкесіне сіңіп кетеді. Оның жанын терең түсінгісі келеді. Сүйгенінің идеалына сай болу үшін 360 градусқа өзгеруге дайын. Мутабельді белгі болғандықтан тез бейімделеді. Бірақ әрдайым жұмбақ болып қалады. Жігіттің уысынан кез-келген уақытта шығып кете алады. Су астында жүзіп жүрген балық сияқты ұстатпайды. Оның табиғатын ешкім түсініп болмайды. Арманшыл. Барлық сексуалдық фантазиясын жүзеге асыра алады. Эротикалық ойындарда шебер. Кейде махаббат пен нәзіктікті тәуелділікпен шатастырып алады. Бірақ жігіттің шыдамы қай жерде таусылатынын интуитивті түрде түсінеді. Қаласа сүйгенінің бұрынғы көңілін қайтарып ала алады. Кейде өкпешіл. Сүйгені өзін түсінбей жатса тез ренжіп қалады. Бәрінін бұрын сабыр мен мейірімді қалайды. Біреу қолын қайтарса көңілі түседі. Женственная. Сезімтал. Жан дүниесі бай. Егер Балық қыздың жүрегін жаулағыңыз келсе нәзіктік пен романтика туралы ешқашан ұмытпаңыз. Бұл оларға ауадай қажет. Өнер, кітап, поэзия немесе театр туралы әңгіме айтыңыз. Олар әсіресе мистика мен оккультизм ілімдер, реинкарнация сияқты тылсым әлемдер тақырыбында сөйлескенді жақсы көреді. Өз проблемаңызды айтыңыз. Құлақ қойып тыңдап, жанашырлық танытады. Бірақ өзіңізді жігерсіз адам етіп көрсетпеңіз. Себебі Балықтар өмірде жолы болмаған адамдарға асқан жанашырлықпен қараса да, мықты, өзіне сенімді азаматтарды ұнатады.

Жазба Ақбота Әбілтай парақшасынан алынды