Қыз зорлады деген күдікпен ұсталған Талдықорған қаласының экс-полиция бастығы сот барысында есінен танып қалды

0

Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот басталды. Алайда, іс барысында оның денсаулығы сыр беріп, ауруханаға алып кеткен. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс барысында денсаулығы сыр берген Марат Күштібаевті жедел жәрдем қызметкерлері сот залынан алып кетуге мәжбүр болды. Экс-полиция басқармасының бастығы есінен танып, оны бірнеше адам көтеріп көлікке жеткізді. Қазіргі таңда, әлеуметтік желіде Күштібаевті алып кеткен видео тарады.

Бұл ақпаратты Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі растады.

«Сотталушы К.-ны сот отырысы кезінде жедел жәрдеммен алып кеткені туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты, сот отырысы кейінге қалдырылды» — деп мәлімдеді областық соттың баспасөз қызметі.