«Қыз сияқты»: Төреғали Төреәлінің қарындасы екінші сәбиін күтіп жүргенін паш етті (ФОТО)
Белгілі блогер Дина Төреәлі екінші рет жүкті екенін жариялады.
“Ерманби 1 жас. Алланың бергеніне, осы күнге жеткізіп көруді нәсіп еткеніне сансыз шүкірлер мен мадақтар! Бүгін оригинал Ерманби баламыз 1 жасқа толып жатыр. Саған деген махаббатым барлық тілегім менің аналық жүрегімде, менің дұғаларымда құлыным. Қуанышпен бөліссе көбейеді демекші, бізге шын тілектес, ниеттес жандар сіздерге де жұғысты болсын! Суретті соңына дейін көріп шыққан болсаңыз жәй ғана МашаАлла деп кетіңіз», – деп жазды блогер.
Желі жұлдызының оқырмандары түрлі пікір білдіріп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
“Қандай керемет әйел”, “Қыз сияқты”, “Өзіңіз секілді сұлуды дүниеге әкеліңіз”, “Туған күндеріңіз құтты болсын!”, “Фаризаға да жұғысты болсын”, “Бөпеңізбен қауышатын күн жақын сияқты”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.