Қытайлықтар биліктің тыйым салғанына қарамастан жабайы жануарларды жеуді жалғастыруда — Қазақстан жаңалықтары

0

Қытай полициясы жабайы жануарларды сатуға, тұтынуға және аулауға тыйым салу туралы ережені бұзған 700-ден астам адамды тұтқындады , деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жабайы

Полиция қызметкерлері жалпы саны 40-қа жуық тіршілік иесін тәркілеген. Оларды тұтыну немесе медициналық мақсатта пайдалану жоспарлаған. 

Ал жабайы аңдарды сататын саудагерлер уақытша тыйым алынып тасталғаннан кейін бизнеске қайта оралуды жоспарлап отыр

Ғалымдардың пікірінше, жабайы жануарларды жеу адамдар арасында коронавирустың таралуына алып келді. Инфекциялардың кейбір белгілері Ухань қаласындағы теңіз өнімдері базарынан табылған. Онда жарқанаттар, жыландар, циветтер және басқа да қос мекенділер сатылған.

Осыған байланысты Қытай билігі жабайы жануарларды жеу халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деген шешімге келіп, оларды сататын базарларды уақытша жапты.

Соңғы мәліметтер бойынша, бүкіл әлем бойынша жұқтырғандардың жалпы саны 73 328 адамға жетті. Көх жұмғандардың саны 1873 адамды құрады.

stan.kz