Қытайлық миллиардер 12 сағаттан 6 күндік жұмысты қызметкерлері үшін зор мүмкіндік деп атады — Қазақстан жаңалықтары
Alibaba Group негізін қалаушысы Джек Ма жұмысты қолмен жасағанды жөн санайды. Ал, 12 сағаттан 6 күндік жұмысты жұмысшыларына берген батасы деп есептейді.
«Менің жеке ойым, алты күн таңғы 9-дан, кешкі 9-ға дейін жұмыс істеу — бұл үлкен мүмкіндік. Көптеген компанияларда мұндай мүмкіндік жоқ. Жас кезіңізде осылай жұмыс істемесеңіз, қашан жұмыс істейсіз? Қашан мүмкіндік болады?», — деді ол.
Оның айтуынша, тек осындай еңбекпен табысқа жетуге болады. Жұмысшыларының алғашқы жылдары бәрін қолмен жасағанын айтты. Технология дамыған заманда көп адам жұмыссыз жүр немесе қысқартуға ұшырап жатыр. Оның қасында 6 күндік жұмыс — нағыз мүмкіндік.
«Мен өзімді жолы болғыш адам санаймын. Мен осындай жұмыс кестесін ешқашан өзгертпес едім», — дейді Джек Ма.
Наурыз айының ортасында қытайлық шенеуніктер Пекин тұрғындарының жұмыс уақыты орташа есеппен бір сағатқа өскенін айтты. Бәсеке нарығы дамыған сайын жұмыскерлердің де жұмыс уақыты артып барады.
stan.kz