Қытайлық дәмханада иттер даяшы болып жұмыс істеп жүр (видео)

0

Шанхайдағы дәмханалардың бірінде корги тұқымды иттер даяшы болып жүр. Олардың көмегімен келушілер түрлі тағамға тапсырыс беріп, төлем жүргізе алады.

 

Бұл туралы RT басылымы хабарлайды.

Иттерге QR-коды бар арнайы жейде кигізіп қойған. Оның көмегімен дәмханаға келушілер тапсырыс беріп, ақша төлей алады. Ал ас мәзірінде түрлі тағам ұсынылған. Олардың ішінде шоколад, тәтті бәліштер мен иттің пішініндегі вафлилер де бар.

Корги тұқымды иттер – Қытайдағы иттердің ең танымал түрі. Олардың қысқа аяғы, сарғыш түсі және күліп тұрғандай түрі дәмханаға келушілерді қуантады.

 

Источник: Stan.kz