«Қытайдың экспансиясы»: Жанболат Мамай қазақстандықтарға үндеу жасады

0

Белсендінің айтуынша қазір еліміз қыл үстінде тұр. Ертең Қытайдан алған қарыздың есебінен біздің еліміз Тәуелсіздігінен айырылып қалуы мүмкін.

Белсенді Жанболат Мамай Facebook-та жер реформасы жөніндегі комиссияның қызметі туралы отандастарына үндеу жариялады.

«Билік тағы да халықты алдап келеді. Бұл жер комиссиясына ешқандай сенім жоқ, өйткені ол халықпен ақылдасып құрылған жоқ. Тек жоғарыдан тапсырыс бойынша құрылып отыр. Сондықтан біз жерді қытайларға жеруге, шетелдіктерге жалға беруге түбегейлі қарсымыз», — деді Мамай.