Қытайды белгісіз дерт жайлады: дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жасады

0
37

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

https://sputniknews.kz/images/225/83/2258340.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/world/20200107/12474275/qytaydy-belgisiz-dert-zhaylady.html

Санитар-дәрігерлер Қытайға жолы түскен азаматтарға инфекциялардың алдын алу шараларын қаперден шығармауға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның санитар-дәрігерлері Қытайды белгісіз дерт жайлауына байланысты осы елге баратын отандастарымызды сақ болуға шақырды.

Дәрігерлер 60-қа жуық адамның нендей кеселге шалдыққанын біле алмай жатыр, деп хабарлады КТК.

«Инфекцияның шығу тегі әлі анықталмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай үкіметімен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Әзірге ол вирусты жұқтыру дерегі тіркелмеген. Болжам бойынша, кеселдің теңіз өнімдерінен келуі әбден мүмкін», – дейді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында осы күнге дейін шығу тегі белгісіз қабыну дертінің 59 жағдайы тіркеліпті. Жеті адамның жағдайы нашар. Қауіпті вирусты жұқтырғандармен байланыста болған 170-ке жуық адам бақылауға алынған. Барлығы Қытай азаматтары.

Тағы оқыңыз: Қытай азаматтарының Қазақстандағы заңсыз әрекеті әшкере болды 

Еліміздің санитар-дәрігерлері Қытайға жолы түскен азаматтарға респираторлық инфекциялардың алдын алу шараларын қаперден шығармауға шақырады.

Хубэй провинциясына Қазақстаннан тікелей әуе рейстері жоқ.



sputniknews.kz