Қытайдан Нұр-Сұлтанға кезекті гуманитарлық көмек келіп жетті — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Үрімшіден (ҚХР) Нұр-Сұлтанға гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

гум помощь

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі мәлім етті. 

Медициналық бұйымдарды Қытайдың бірқатар провинциялары, мемлекеттік органдары және компаниялары жолдады. 

Медициналық бұйымдардың ішінде:

медициналық жүк маска (131500 дана);

қолғап (10900 дана);

термометр (100 дана); 

арнайы қорғаныс киімдерден (720 дана) бар.

Гуманитарлық жүкті мемлекеттік органдар мен мекемелерге тарату үшін бірыңғай дистрибьютор –  «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды.
 

stan.kz