Қытайдан келген дәрігерлер елордалық әріптестерінің жұмысын бағалады

0

Қытайлық дәрігерлер нұрсұлтандық әріптестерінің жұмысына оң баға берді. Олар жүргізуші де арнайы киіммен жүргенін байқаған  

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қытайдан келген дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы коронавируспен күреске қарсы шаралар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

ШҰАР халық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Лу Чэнь мен инфекционист дәрігер Лу Сяобо қазақстандық әріптестерінің жұмысына баға берді.  

«Нұр-Сұлтанда жақсы жұмыс жүргізіліп жатыр. Әріптестеріміздің барлығы бетперде киген, тіпті осы жерге жеткізген жүргізушінің өзі арнайы киімде болды», – деді инфекционист-дәрігер Лу Сяобо.

Ол елде карантин мерзімін ұзарту қажеттілігіне тоқталды.

«Қазақстандағы қазіргі ахуалға қарап шешім қабылдау керек. Шын мәнісінде, карантинді созу қарапайым азаматтардың өміріне әсер етеді, бірақ карантин вирусты бақылауға алуға мүмкіндік береді. Біз мұны Қытай тәжірибесінен байқап отырмыз», – деді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Елордалық дәрігерлерге берілген сыйақының мөлшері жарияланды

Айтуынша, олар Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің бұйрығымен Қазақстанға келген.

Елордаға кеше ұшып келгендіктен, ауруханаларды аралап үлгермепті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз