Қытайдағы мұсылман тұтқындардың ішкі ағзалары саудаланып жатыр

0

БҰҰ сарапшылары Қытай түрмелерінде этникалық және діни азшылық топтарына кіретін тұтқындардың ағзалары алынғаны туралы «сенімді» ақпарат алғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қытайдағы ағзаларды күштеп алу әртүрлі аймақтардағы этникалық, тілдік немесе діни азшылықтардың өкілдеріне қатысты жүргізіледі және оларға көбінесе ұстау себептері айтылмайды немесе қамауға алуға санкция жоқ», – делінген 12 маусымда таратылған 14 сарапшының қорытындысында.

БҰҰ-ның заңсыз ұстауға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобы, сондай-ақ БҰҰ-ның арнайы өкілі бұл ақпаратты «ерекше алаңдаушылық тудырады» деп санайды.

БҰҰ сарапшыларының пікірінше, ең танымал ағзалар – жүрек, бүйрек, бауыр және көз қабығы, бұл шара тыйым салынған Фалуньгун қозғалысының мүшелеріне, ұйғырларға, тибеттіктерге, мұсылмандар мен христиандарға қолданылады.

Женевадағы Қытай өкілдігінің мүшесі БҰҰ сарапшыларын жала жапты деп айыптады. Бейжің «бұл айыптаулардан өзін қорғайды және оларды мүлдем қабылдамайды» деп уәде беріп, сарапшылардың «ойлау қабілеттері жетіспейтінін» мәлімдеді. Оның айтуынша, сарапшылар сепаратистер мен Фалуньгун қозғалысы тарапынан Қытайға қарсы жалған ақпаратының құрбаны болған.