Қытайдағы матчты Қазақстанда өткізу ұсынылды

0
7

Саясат

Қысқа сілтеме алу

59 0 0

https://sputniknews.kz/images/25/57/255703.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/politics/20200129/12685935/Qytay-Qazaqstan-match.html

Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирус таралуының алдын алу үшін бірқатар қосымша қорғаныс шарасын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар — Sputnik. Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады. Сондай-ақ, 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды», – деп жазылған хабарламада.

Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирус таралуының алдын алу үшін бірқатар қосымша қорғаныс шарасын қабылдады. Оған сәйкес, 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, 29 қаңтардан бастап екі ел арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды. 1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады. Қытай азаматтарына визалар беру тоқтатылды.

Тағы оқыңыз: Қытайдағы коронавирус: депутаттар қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады

Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағаланатынын айтты. 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген.



sputniknews.kz