Қытайдағы базарлар — Қазақстан жаңалықтары
Коронавирустың ошағына айналған қытайлық Ухань қаласының базар саудагерлері өз жұмыстарына қайта кірісіпті. Қытай саудагерлері аурудың адамға жабайы жануарлардан елемеген сыңайлы. Ал жабайы аңдарды еті базарларда сатылымға қайта шығыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Daily Mail басылымы жазыпты.
Қытайлық БАҚ түсірген суреттерден үлкен Байшажоу базарында тірі шаяндарды сатумен айналысқан сатушылардың қаздай тізіліп тұрғанын көруге болады. Қазір 3600 жабайы аңдардың етін сататын дүкеншіклер қайта ашылыпты. Шенеуніктер Қытай елінде коронавирустың жаппай таралуына байланысты үй жануарлары мен жабайы аңдардың етін сатуға шектеу қойыпты.
Сарапшылар коронавирус жарқанаттардан адамдарға жұқты деген пікірде. Қытайдың ауру профилатикасы және бақылау орталығы мамандары аурудың Уханьдағы кең танылған Хуаньнань базарындағы жабайы жануарлардың етінен шыққанын анықтапты. Десек те бұл базар 1 қаңтардан бері әлі ашылмапты.
Атап кетерлік жайт, Бежің үкіметі аурудың ошағы Ухань болды деген пікірмен келіспейді. Өздерінің сөзіне дәлел ретінде олар Қытайдағы инфекцияның тез ауыздықталып, ал Еуропа мен басқа да елдерде әлі де өршіп тұрғанын алға тартады.
Австралия үкіметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Уханьдағы базарларды ашуға рұқсат бергеніне қатты наразы болыпты.
«Біз әлемді вирустың жаңа түрлері таралуынан қорғауымыз керек. Бұл бір емес, бірнеше рет қайталанып жатыр. Мен бұл шешімді түсінбеймін», — депті Австралияның премьер-министрі Скотт Моррисон.
Өз кезегінде Қытай билігі базарлардың ашылуы сатушылардың тұрмыстық жағдайын қалпына келтіруге арналған шара деп түсіндірді. Сөздерінше, қазір жабайы хайуандардың етін сатуға тыйым салынған, базарларда қазір тек тауық, үйрек, қаз және т.б. құтсар мен жануарлардың еті сатылады екен.
Еске салайық бұған дейн, ғалымдар коронавирустың жабайы аңдардан тікелей адамға жұқпағанын айтқан болатын. Мамандардың пайымдауынша, ауруды адамға жарқанаттардың етін жеген қанғыбас иттер таратқан.
stan.kz